Абай облысының студенттері Қазан ақпараттық технологиялар және байланыс техникумында білім алуда

2023 жылғы желтоқсан айында Татарстан Республикасының басшысы мен Абай облысы әкімі Жол картасына қол қойды. Жол картасы бойынша ынтымақтастық жұмыстар атқарылып, Халықаралық құзыреттер орталығында оқыту тренингі өткізілді.

Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері Дастан Талғатов, Елисей Беляев және Тимур Бабенко оқытушы Күлпан Түсіпбаевамен бірге «Мобильді робототехника» және «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша бүгін оқуларын аяқтайды.

«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша әлем чемпионатының тапсырмасына сәйкес студенттер ауыл шаруашылығында 10-ға жуық көкөністер мен жемістерді егістіктерден, бақтардан жинауға көмектесетін Робот үлгісін жасайды.

Курсты Бүкілресейлік деңгейдегі сарапшы Фанил Батыршин мен Егор Журавлев, WorldSkills Еуропа және әлем чемпионаттарының қатысушысы, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы Павел Фадеев, халықаралық деңгейдегі бас сарапшы Владимир Андреев оқытады.

Студенттер курста WorkdSkills чемпионатының негізгі модульдері бойынша білімдерін нығайтып, дағдыларын жетілдіреді. Ең заманауи жабдықта ақпараттық кабельдерді төсеу және баптау дағдыларын пысықтап, әртүрлі датчик сымдарын прототиптеу және сауатты төсеу, бағдарламалық кодты ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту тренингі 2024 жылғы 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында өтуде. Облыс студенттері қыркүйек айында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills 2024 әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Оған Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында облыс студенттері қатысады.