Жетісу облысының тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып, 285 млн теңге шығын келтірген
Жетісу облысының тұрғыны мүліктік пайда алу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған.
Бұл деректі Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.
Тергеу барысында аталған азамат басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, нәтижесінде аса ірі көлемде залал келтіргені анықталды.
Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам сомаға келтірілген шығын толығымен өтелді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.