HONOR компаниясы VivaTech 2024 көрмесінде төрт деңгейлі жасанды интеллект архитектурасын ұсынды
HONOR жаһандық технологиялық бренді аса ірі еуропалық технологиялық конференциялардың бірі – VivaTech көрмесіне алғаш рет қатысты. Басты тақырып болып құрылғылардағы жасанды интеллектке қатысты инновациялық көзқарас пен жасанды интеллектті пайдаланудың жаңашыл төрт деңгейлі стратегиясы аталды.
Сонымен бірге HONOR компаниясы жақында Google Cloud сервисінің базасында Gen-AI технологияларын іске қосу туралы жариялады, олар жаңа буынды смартфондарда ұсынылатын болады және пайдаланушылық тәжірибені жақсарту үшін су жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын болады.
«Біз HONOR компаниясында түйсік деңгейіндегі пайдаланушылық тәжірибені, дербестендіру мен құпиялылықты біріктіру құрылғылардағы жасанды интеллекттің бүкіл әлеуетін ашып көрсететіндігіне кәміл сенеміз», — дейді CEO HONOR Джордж Чжао — «Сондай-ақ біз пайдаланушыларымызды жасанды интеллектпен өзара іс-қимылдың су жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін Google Cloud сервисімен бірге жұмыс істеуге қуаныштымыз».
HONOR жаңа жасанды интеллект архитектурасы
HONOR компаниясы төрт деңгейлі жасанды интеллект архитектурасы жайлы және MagicOS жүйесінде жасанды интеллектпен интеграциялануға стратегиялық бағдарланушылық жайлы хабарлады. Базалық деңгейде әртүрлі құрылғылармен, сондай-ақ операциондық жүйелермен есептеу қуаттылықтарын және сервистерін бірлесе пайдалануға мүмкіндік беретін ашық экожүйе қалыптастырылады. Осыған негізделе отырып, жасанды интеллект платформа деңгейінде пайдаланушының ниеттері негізінде өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін дербестендірілген операциондық жүйені құруға мүмкіндік береді. Үшінші деңгейде генеративті жасанды интеллект қолданбалары әртүрлі контент түрлерін жасау мен өңдеуде революция жасауға қабілетті. Ал төртінші деңгейде бұлтты жасанды интеллект сервистеріне оңай әрі құпиялы қолжетімділік қабаты бар, бұл жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың шынында да біртұтас тәжірибесін құруға мүмкіндік береді.
MagicOS 8.0 жүйесінде алғаш рет қолданылған Magic Portal функциясы — бұл адам ниеттеріне негізделген тұңғыш интерфейс, ол пайдаланушының мінез-құлығын түсінеді және контентпен, қолданбалармен күрделі өзара іс-қимылдарды бір әрекетке дейін оңайлатады. Magic Portal қолданбасы қазірдің өзінде навигация, өнімділік, мессенджерлер, іздеу, ойын-сауық, сатып алулар және әлеуметтік желілермен қоса, жеті санаттағы 100 танымал қолданбаларды қолдайды. Болашақта пайдаланушылар үшін Magic Portal арқылы контентпен және қолданбалармен өзара әрекеттесудің одан да көп сценарийлері қолжетімді болады.
Сонымен бірге HONOR компаниясы инновациялық пайдаланушылық тәжірибені және деректердің жақсартылған қорғанысын қамтамасыз ету үшін Google Cloud базасындағы Gen-AI технологияларын смартфондардың келесі буындарына интеграциялайтын болады.
HONOR 200 сериялы смартфондардағы портретті түсірілімдегі революция
Қозғалыстағы объектілерді автоматты түрде түсіруге арналған AI Motion Sensing Capture режимін сәтті іске қосқаннан кейін HONOR 200 сериясы су жаңа портретті түсірілім функциясының арқасында мобильді фотографияның бірегей жасанды интеллект технологияларын дамытуды жалғастырады.
Атақты адамдардың дәстүрлі портреттерін түсірудің бірегей үлгісімен әйгілі болған, аңызға айналған Harcourt француз фотостудиясының стилі HONOR 200 сериясының пайдаланушыларына қолжетімді болады. Кескіннің жарықтылық, контрасттылық және дәлме-дәлділік әсерлерін тыңнан жасау үшін HONOR мамандарымен әзірленген жасанды интеллект технологиялары пайдаланылады. Студияның портретті суреттерінің кең қоры HONOR 200 смартфондарында жасанды интеллект бойынша оқыту үшін пайдаланылатын болады. Түсірілім үдерісі жекелеген тоғыз кезеңнен тұрады және толықтай Harcourt стилін қайталайды әрі студиялық сападағы мінсіз портреттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
HONOR 200 смартфондары сериясының таныстырылымы Парижде 12 маусым күні өткізіледі. Жаңа өнімдер MagicOS 8.0 операциондық жүйесінің басқаруымен жасанды интеллект технологияларында жұмыс жасайтын болады. Жасанды интеллектті кеңінен қолжетімдірек жасауға ұмтыла отырып, HONOR компаниясы HONOR Magic V2 және HONOR 90 смартфондарына MagicOS 8.0 жаңартылымын шығару жоспарлары туралы да жариялады, бұл көбірек пайдаланушыларға брендтің инновациялық әзірлемелерін қолданып көруге мүмкіндік береді.
Адам мен жасанды интеллект синергиясы: үздік болашаққа арналған ақылды құрылғылар
Іс-шарада HONOR компаниясы сала сарапшысы доктор Джастина Касселлдің қатысуымен панельдік пікірталас та өткізді. Қатысушылар мультимодальді өзара іс-қимыл келешегін талқылап, бұл интеграция смарт-құрылғылардың пайдаланушылары үшін ыңғайлылық пен құпиялылықты қорғау ісін жоғарылататындығына ерекше көңіл аударды.
«Жасанды интеллект адамның мүмкіндіктерін кеңейте алады», — деп атап өтті Джордж Чжао — «Жасанды интеллект дербестендірілген ұсынымдарды ұсынады әрі тікелей құрылғыда жұмыс жасау есебінен пайдаланушының құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мысалы, Magic Portal қолданбасы пайдаланушыларға қолданылатын сервистердің таңдалуын және шешім қабылдануын қадағалауды сақтап қалуға мүмкіндік береді, бұл HONOR жасанды интеллектінің адамға бағдарланушылығын танытады».
Мультимодальді өзара әрекеттесу туралы айта отырып, доктор Джастина Касселл келесідей атап өтті: «Адамдар мультимодальді тұрғыдан өмір сүруде. Қуатты смартфондармен қатар, сақиналар мен танамоншақтар секілді, өзімен алып жүретін құрылғылардың пайда болуы вербалды тілді, вербалды емес сигналдарды және паравербалды элементтерді біріктіретін жасанды интеллектті қолданудың күннен күнге арта түскен ыңғайлылығын көрсетеді. Жасанды интеллект жүйесінде неғұрлым көбірек модальділіктерді пайдалана алатын болсақ, соғұрлым көбірек адамдарға сол технологиялардың көмегімен пайда әкеле алатын боламыз».
«HONOR философиясы адамға бағдарланған, ал адам барлық құрылғылардың ортасында орналасқан», — деп санайды Джордж — «Жасанды интеллекттің арқасында алуан түрлі технологиялық өнімдердің бірегей ерекшеліктерін біріктіруге, пайдаланушының ниеттерін макродеңгейде танып білуге және дербестендірілген ұсынымдарды ұсынуға болады».