Отандық IT-стартаптар елдегі ірі тау-кен металлургия компанияларымен серіктестік орната бастады
Астанада өнеркәсіп кәсіпорнындағы міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған Қазақстандағы алғашқы кейс-чемпионат мәресіне жетті. Шараға жалпы саны 50 өтінім түсіп, 26 компания байқауға қатысты. Арасынан суырылып шыққан үздік 15 ұжым финалда өз жобаларын қазылар алқасы назарына ұсынған. Нәтижесінде 4 команда Eurasian Resources Group компаниясымен серіктестік туралы келісім шарт жасалады. «Бүгін өз көріп, естім, тамашалаған көрініс мені қатты таңқалдырды. Бүгінгі ұсыныстардың қазақстандық, жалпы әлемдегі тау-кен өнеркәсібіндегі потенциалы жоғары», — деді қазылар алқасының мүшесі, mining futurist, Prospector компаниясының негізін қалауші әрі басшысы Эмили Кинг. Кейс-чемпионат Қазақстанда ұйымдастырылған өнеркәсіптегі алғашқы ІТ форум аясында өткен.
Цифрлық жарыс
Хакатонға қатысуға ниет білдірген стартаперлер сәуір айында Ақтөбеге арнайы барып қайтты. Онда ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы 30-ға тарта түйінді мәселені көздерімен көріп, күрделі істің күрмеулі тұстарымен танысқан. Қиындықтарды металлургтердің өз аузынан естіп, білді. Араға ай салып, бүгін өздері ойлап тапқан шешімдерін ІТ форумда таныстырды. Оларға өнеркәсіптегі алғашқы ІТ форумға қатысушылар мен халықаралық қазылар алқасы баға берді.
Осы орайда іріктеуден өткен 26 команданың тек 15-і өз жобаларын қорғау кезеңіне өткенін айта кету керек. Кейс-чемпионат қорытындысында төмендегі компаниялардың бастамалары жеңімпаз деп танылды: «KAZ INTECH» ЖШС бірден екі жобасымен ерекше көзге түсті – қоймадағы кен қалдықтарын, сондай-ақ дайын өнім мен шлакты өлшеу жүйесі. Екінші жобасы – шекемтасты тиеу кезіндегі цифрлы кезек жөніндегі шешім. Жеңімпаздардың қатарында SmartView бар. Бұл компания сеппесіз дайын өнімнің мөлшерін есептеп беретін жүйені ұсынды. Келесі жеңімпаз – OKR-FIN командасы. Бұлар теміржол көліктерінің бір-бірімен соқтығысуының алдын алуға септесетін шешім әзірледі. Соңғысы – Saga tehnologies – аралау роботының прототипін жасады.
Әйтеу бір форум өткізу үшін емес
Өнеркәсіптегі ІТ форумға алуан түрлі компаниядан 350 өкіл келген. ІТ мамандардан бөлек, Honeywell McKinsey, TechGarden, Siemens, Schneider Electric сынды жетекші компаниялардың өкілдері, тау-кен металлургия секторының алпауыттары цифрлық өнімдерді енгізудегі тәжірибелерін паш етті.
Форумды Қазақстанда қызметін бастағанына биыл 30 жыл толып отырған Eurasian Resources Group (ERG) пен оның ІТ құрылымы – Business & Technology Services (BTS) компаниялары ұйымдастырған. Бүгінде цифрландыру біртіндеп, бірақ бірқатар процестерді түбегейлі өзгеріп келеді. Көптеген компанияларда ол ең басым бағытқа айналған. Мәселен тек соңғы жылдары ERG цифрлық жобаларды іске асыруға 120 млн доллар инвестиция құйған. 2027 жылға дейін бұл бағытқа тағы 200 млн доллар жұмсау жоспарда бар.
– Бізге цифрландыру – жиі қолданатын сәнді бір сөз ғана емес, — деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов. – Өндірістік процестерді цифрландыру – Топтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл саладағы қазіргі трендерді жете түсіну үшін жеке IT-форум өткізіп, оның аясында IT-стартаперлер арасында кейс-чемпионат ұйымдастырылатынын осыдан бір жарым ай бұрын жария еттік.
— Бұл форум – жалпы өнеркәсіп саласындағы айтулы оқиға, — деді «Алматы қаласы бойынша Инновациялық технологиялардың паркі» атты автономдық кластерлік қор филиалының бас директоры Бауыржан Канкин. – Өндірістегі алпауыт компаниялардың цифрландыру туралы жиі айтып, ең соңғы әзірлемелерді енгізе бастағаны мені қатты қуантады. Біз қазақстандық стартаптардың айрықша картасын әзірледік. Дәл қазір солардың арасынан бірі отандық өндіріс компаниясына тиімді жоба жасай алса, бірден саладағы озық, кейін алпауытқа айналып кете алады.
TechGarden мәліметінше олардың алаңында осы IT-компаниялар 8 млрд теңгеден астам қаражатқа келісім шарттар жасасып, тапсырыстар алған.
Мыңнан тұлпар шығар мықты компанияларға осындай сәтте мүмкіндік бар деген пікірді Plug and Play компаниясының венчурлық инвестициялар жөніндегі сарапшысы Искандар Курбонов та қолдайды:
— Тау-кен саласындағы ойыншылар саны шектеулі болғанымен, олардағы «түйінді тұстар» бірдей. Ендеше, олардың біріндегі проблеманы шешер стартап жасай алса, өзгерлеріне таратып, кеңытуге болады.
Эмили Кинг IT-стартаптар ерекше құнды әрі пайдалы боларына кәміл сенімді:
— Тау-кен секторы – жас сала. Стартаптар тау-кен металлургия компанияларының мол табыс табуына септесе алады.
— Сондықтан, мен сіздерге ERG – әрдайым есігін айқара ашып, серіктестікке даяр екенін айтудан жалықпаймын. Тиімді IT-шешімдер бар болса, серіктестік туралы келісім шарттар да болады, — деп түйіндеді форумды Серік Шахажанов.