Абай облысында балабақшаларда құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді
Абай облысындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында үлкен қадамдар жасалуда. Балабақшаларда Құзыреттілік орталықтары құрылып, олардың жұмысы белсенді түрде жүріп келеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 192-бұйрығына сәйкес Абай облысы Семей қаласындағы № 2 «Айдана» бөбекжайы және №7 «Ақ бота» бөбекжайы мектепке дейінгі ұйымдарында озық педагогикалық тәжірибе тарату және енгізу үшін құзыреттілік орталықтары құрылды.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап облыстық білім басқармасының бұйрығымен Құзыреттілік орталықтар желісі кеңейтіліп, Семей қаласында № 5 «Бала әлемі», № 6 «Нұрсәуле», № 8 «Балбөбек», № 9 «Айголек» және № 11 «Ертөстік» бөбекжайлары қосылды. Сонымен қатар 2025 жылғы қаңтар айынан бастап Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласында 10 жаңа құзыреттілік орталығы ашылады.
Құзыреттілік орталықтарының негізгі міндеттері – педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, озық тәжірибелерді тарату, ата-ананың сенімділігін арттыру, баланың тұлғалық дамуында эмоционалды қолдау көрсету және білім беру жағдайларын жақсарту. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуеті мен инновациялық мүмкіндіктері артып, балалардың дамуында жоғары деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізіледі.
Анықтама үшін: Қазіргі уақытта Абай облысында 361 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде 283 мемлекеттік және 78 жекеменшік балабақша қызмет етеді. Қалалық жерлерде — 100, ауылдық жерлерде 261 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі