Абай облысында «JuniorSkills – Abai 2025» чемпионаты басталды

Абай облысында бастауыш сынып оқушыларына арналған алғашқы «JuniorSkills – Abai 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
Биыл бұл чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр. Дода Ақсуат колледжінде бастау алды. Оған ауданның 12 мектебінен 1–4 сынып оқушылары қатысып, үш құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

Чемпионат «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – бастауыш сынып оқушыларының кәсіби дағдыларын дамыту, еңбекке баулу және болашақ мамандықтарға ерте қызығушылығын қалыптастыру.
Екі күнге жоспарланған чемпионат жеңімпаздары 17 қазан күні анықталады. Алдағы уақытта «JuniorSkills» чемпионаты облыстың өзге де колледждері базасында өткізіліп, дәстүрлі форматта жалғасын таппақ.
Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі


