Абай облысында отбасылық фестиваль өтті
Абай облысында ««Үнемі жаныңнан табылатын ол — отбасың» отбасылық фестиваль өтті. Шараға 100-ден астам қатысушы, соның ішінде педагогтЕр, ата-аналар, оқушылар және «Отбасы орталығының» мамандары қатысты. Фестиваль рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыруға арналды.
Отбасы шығармашылығы студиясында шеберлік сынытар өтті, мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналарымен бірге арт-терапия элементтерін орындады. Балалардың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін және бірлескен шығармашылық жұмыс арқылы отбасылық байланысты нығайтуға арналған арнайы жаттығулар жасады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған спорттық тимбилдинг қатысушылардың командалық қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған. Қатысушылар бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірін қолдауға және ортақ мақсаттарға жетуге үйренді.
Орта буын оқушылары ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнатуға бағытталған тренингтерге қатысты. Талқылаулар барысында отбасында ашық диалог пен өзара түсіністіктің маңызы, сондай-ақ күнделікті өмірде тиімді қарым-қатынас пен қолдаудың жолдары қарастырылды.
Бұл фестиваль биыл облыстық Білім басқармасы жанынан құрылған Өңірлік психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған алғашқы шара болды. Орталық балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсетіп, өңірдегі білім беру мекемелеріндегі психологтар қызметін үйлестіреді.
«Отбасы орталығы» қоғамдық қоры қатысқан оқушыларға сыйлықтар табыстады. Іс-шара достық атмосферада өтіп, отбасылық құндылықтар мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындады.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі