Абай облысында жазғы стартап жобалар балаларға жаңа мүмкіндіктер сыйлады
Абай облысында дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids» бірегей жобалары іске қосылды. Осы жобалар аясында Бесқарағай ауданында тағы бір кездесу өтті, оған 100-ге жуық бала қатысты.
«Туристік өлке» жобасы екі бағытты қамтиды: туристік және өлкетану.
— Туристік бағыт бойынша балалар жорықтарға қатысты, шатыр тігуді үйренді, орманда әртүрлі заттарды іздеді. Сондай-ақ команда құру ойындары да өткізілді.
— Өлкетану бағытында балалар облыстың тарихи және табиғи көрікті жерлеріне барып, дәрістер тыңдап, аймақтың тарихы мен мәдениетіне арналған экскурсияларға қатысты.
«Спорт көшбасшысы» жобасы балаларды дене шынықтыру мен спортқа белсенді қатысуға, сондай-ақ спорт көшбасшыларының қызметін үйлестіруге тартуға бағытталған. Балалар түрлі спорттық жарыстар мен турнирлерге қатысты.
«Fun Kids» жобасы балалардың танымдық-шығармашылық қызметі арқылы өзін-өзі дамытуға бағытталған. Балалар сурет салу, мүсіндеу, актерлік шеберлік және шығармашылықтың басқа түрлері бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Ойлау мен тапқырлықты дамытуға бағытталған логикалық ойындар мен квесттер өткізілді.
Іс-шаралар ашық аспан астында ұйымдастырылды, онда балалар түрлі эстафеталық ойындар ойнады және бос уақыттарын жоспарлауды, ұйымдастыруды үйренді.
Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша балаларға кітаптар мен сыйлықтар таратылды.
Осылайша бұл жобалар балалардың жан-жақты дамуы мен денсаулығын нығайтуға ықпал етіп, жазғы кезеңде олардың дамуы мен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жарма және Бородулиха аудандарында балалармен бірнеше кездесу өткен. Жалпы, жазғы жобалар 300-ге жуық баланы қамтыды.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі