Абай облысындағы 12 жастағы жас техник
Абай облысының 7-сынып оқушысы Құмарқан Арстанали жас кезінен бастап түрі техникаларды жөндеп келеді. Сабақтан тыс уақытта техника жөндеу шеберханасында уақыт өткізеді. Информатикаға қызығушылығы арқасында ол 12 жасында ақша тауып жүр.
Арстанали Абай облысының Семей қаласындағы №12 орта мектепте оқиды. 5-сыныпта информатика пәні мұғалімі Асылханов Қуат Қуанышбекұлы байқап, IT — үйірмеге шақырды. 10 жасынан бастап Арстанали ақпараттық технологияларға белсенді қызығушылық таныта бастады және содан бері өз дағдыларын белсенді дамытып келеді. Ол өз мектебінде қосымша информатика сабақтарына қатысады.
Оқудан бос уақытында Арстанали шеберханада жұмыс істейді, онда ол музыкалық динамиктерді, құлаққаптарды, аспаптарды және басқа да техниканы жөндейді. Бүгінгі таңда ол шамамен 15 түрлі техниканы жөндеді. Өз еңбегі үшін шағын төлем алады. Тапқан қаражатын стартап идеялары үшін қажетті бөлшектерді сатып алуға жұмсайды. Сондай-ақ информатика кабинетінде компьютерге арналған тышқандарды тегін жөндеп жүр.
3 жыл бойы ол түрлі IT-конкурстарда, фестивальдарда, көрмелерде және ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болды. Шығыс кентінде кішкентай шебер ретінде танымал.
Арстаналидің мұғалімдері мен ата-аналары оның жетістіктерін мақтан тұтады және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын қолдайды. Олар еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Арстанали болашақта үлкен жетістіктерге жете алатынына сенімді.