Абай облысындағы жолдардың 50% ғана талапқа сай келеді

Биыл облыстағы 4 жол учаскесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар “Семей-Қайнар”, Семей мен Ресей Федерациясы шектесетін аумақ және “Қарағанды-Аягөз-Боғаз” бағытында екі бірдей жол бөлігі қалыпқа келтірілуде.

Сондай-ақ облыс жолдарының сапасын жақсарту үшін, 2024-2025 жылдары “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы мен Қазақстан Даму Банкінің арасындағы келісім шеңберінде 7 жол учаскесінде орташа жөндеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Абай облысына қарасты жолдарда 96 демалыс алаңы бар. Облыс жолдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалы бақылауға алған.