Абай облысының колледж студенті жаңа мобильдік мессенджер ойлап тапты

Семей колледжінің 2-курс студенті Ильдар Сытдыков STChat деп аталатын бірегей мобильді қосымшаны әзірледі. Жас және талантты студент жасаған қосымша білім алушылар арасында ыңғайлы байланыс орнатып, хабар алмасуға арналған.

STChat студенттерге өздері қалаған адамдармен байланыс орнатуға және жеке хабарламаларын басқаруға мүмкіндік беретін инновациялық шешім ұсынады. Қолданба интерфейсі үйренуге ыңғайлы, мәтіндік хабарламалар мен фотосуреттерді жіберуге мүмкіндік береді.

Қосымшада тіркелу, жеке хабарламалар мен байланыс номерлері бар. Сондай – ақ басты мәзірде пайдаланушылар арасында алдағы және өткен оқиғаларды көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Қолданба білім беру ортасында қарым-қатынас үшін ыңғайлы және тиімді құрал етіп құрастырылған.

STChat flutterflow құралы мен Dart бағдарламалау тілін қолдана отырып жасалған, бұл жасаушының техникалық сараптамасына баса назар аударады. Бұл қосымша технологиялар мен білім беру әлеміне айтарлықтай үлес қосады.