Абай облысының мектеп түлегі үздік сарбаз атанды

С. Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы қарсаңында Халықаралық Айбын әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Оған 6 мемлекеттен 700-ден аса жас сарбаз қатысты. Облыстың мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып “Жыл үздік Жас Сарбазы” атанды.
Олжас — Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының «Абай Қырандары» командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Тусуповтың тікелей жетекшілігімен «Жас Қыранға» қабылданды.
Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: “SMART SARBAZ” — І орын, “Айбын дарыны” — І орын, Ак-74 қаруын толық емес бұзып-жинақтаудан — І орын, ОЗК киюден — І орын, кермеге тартылудан — ІІ орын.
Олжас Самархан — Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің төрт жылдық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі