Абай облысының оқушылары Алматыда топ жарып, Австралияға жолдама алды

Алматы қаласында өткен «TAMOS FIRST OFF-SEASON» республикалық робототехника чемпионатында Абай облысы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның «TENGRI» командасы бірде-бір жеңіліссіз жеңімпаз атанып, жарыстың басты марапатына ие болды.
- 60 команда қатысқан тартысты додада «TENGRI» құрамасы екі бірдей жүлдені жеңіп алды:
- – «Winning Alliance Captain» — чемпионаттың ең жоғары марапаты;
– «Control Award» — үздік автономды бағдарлама үшін. - Команда жетекшісі – информатика пәні мұғалімі Айдос Асқатұлы. Қатысушылар: Аблахан Темірлан, Радмир Жеңісбек, Сұлтан Шалқарұлы, Ерсұлтан Айтқазыұлы.
- Жеңіс нәтижесінде команда бірден үш халықаралық додаға жолдама ұтып алды:Азия чемпионаты, Жыландыдағы жабық чемпионат және Австралияда өтетін APOC — жаздың ең ірі робототехника турнирі.
Абай облысының Білім басқармасының баспасөз қызметі