Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында министр инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын атап өтіп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды бөлісті.

Министр инклюзивті білім беруді дамыту – тең мүмкіндіктер қағидатына негізделген маңызды қадам екенін атап өтіп, заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және педагог кадрлардың әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Абай облысынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған ұстаз министрмен өткен кездесуде сөз сөйледі

Кездесу соңында ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде кәсіби шеберлік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге министрдің ведомстволық марапаттары табысталды.

Олардың қатарында Абай облысы, Семей қаласындағы №6 арнайы мектеп-интернатының педагогі Балжан Бекбосынова да бар. Ол ерекше білім беруді дамыту ісіне қосқан үлесі үшін құрметке ие болды.

2025 жылдың күзіне Алматы қаласында алғаш рет Инклюзия бойынша Бүкіләлемдік конгресс өткізу жоспарланып отыр. Ірі халықаралық жиынға шетелдік білім министрлері мен инклюзия саласындағы сарапшылар қатысады деп күтіледі.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі

Telegram-канал: Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды