Абай облысының студенті Ташкентте өткен халықаралық байқауда бас жүлде жеңіп алды

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Zhuldyz art Kazakhstan» халықаралық жас әншілер байқауы өтті. Беделді музыкалық жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі қалаларынан 400-ге жуық қатысушы қатысты. Абай облысының Семей жоғары көпсалалы колледжінің екінші курс студенті Дана Қасымқанова «Вокал» номинациясы бойынша Гран-При иегері атанды. Дана байқауда «Қазағымсың» эстрадалық әнін орындап, өнер көрсетті.
Жас талант иесін анасы Назира Узекбаева 7 жасынан бастап өзі дайындап, жетекшілік етіп келеді.
2024 жылғы 6-8 тамыз аралығында өткен байқау жеті номинациядан тұрды және қатысушыларға өнер арқылы рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік берді. Байқауда ұлттық мәдениеті сақтау мен дамытуға, сондай-ақ әртүрлі елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
ZhuldyzArt Kazakhstan — халықаралық өнер байқауы. Дәстүрлі байқау Ташкент қаласында биыл 8-ші рет өткізілді.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі