Абай облысының сынып жетекшісі республикалық байқаудан бас жүлде жеңіп алды
Республикалық «Үздік сынып жетекші» байқауы аяқталды. Байқау 2-4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Еліміздің әр түкпірінен 100 сынып жетекші қатысып, өздерінің үздік тәрбие жұмыстары мен тәжірибелерін ортаға салды.
Байқаудың мақсаты — тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату.
Электротехникалық колледждің оқытушысы Шынарбек Шыңғыс бас жүлде иеленсе, Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 мектеп мұғалімі Арайлым Аубакирова 3-орын алды.
«Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз» номинациясымен Семей қаласы № 44 ЖОББМ мұғалімі Айгерим Манбекова және Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі самал Сарсембекова марапатталды.
Байқау онлайн форматта өтті. Педагогтер өзін-өзі таныстырып, кейс сессияларында үздік тәжірибелерін талдады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша өз жобаларын ұсынды.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі