Абай облысының жас спортшылары Азия, Африка және Океания чемпионатында жүлделі орын алды

Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері Петр Мельников пен Денис Лазарек пауэрлифтингтен Азия чемпионатында медаль жеңіп алды

2024 жылғы 5-13 шілде аралығында Оңтүстік Африканың Почефструм қаласында пауэрлифтингтен Азия, Африка және Океания чемпионаты өтті. Жарысқа Жапония, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Солтүстік Африка сияқты 12 елден 150-ден астам спортшы қатысты.

Азия чемпионатында Петр Мельников үш дүркін Азия чемпионы және қола жүлдегері атанды, ал Денис Лазарек үш күміс медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.

9, 11-сынып оқушылары чемпионатқа үш жылдай дайындалды. Халықаралық аренаға шықпас бұрын Қазақстан Республикалық чемпионатында бақ сынады. Денис зілтемірді сығымдап көтеруден ІІІ орын, Петр зілтемір көтеруден ІІІ орынды иеленді.

Жаттықтырушылар: Андрей Алтайбаев, пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Марина Алтайбаева, пауэрлифтингтен спорт шебері, Азияның бірнеше дүркін чемпионы Азия мен әлемнің екі дүркін чемпионы.

Енді жас спортшылар осы жылдың күзінде Семейде өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындалуда.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі