Абиба Абужақынова Сабина Гилязовадан есесін қайтарып, қола жүлдеге қол жеткізді
Абиба Абужақынова (-48 кг) Антальядағы Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық дзюдошы жүлде жолында Сабина Гилязовадан голден-скорда басым түсті. Қарсыласы 3 ескерту (шидо) алуына байланысты жеңіс Абибаға берілді.
Екі татами шебері осы айдың басында Ташкенттегі Үлкен дулыға турнирінде финалда күресіп, Сабина басым түскен.
Айта кетейік, Абиба күндізгі сессияда Ракиель Бритоны (Португалия), Кристина Дудинаны (Ресей) және ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтып, D тобында топ жарған. Бірақ жартылай финалда 3 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Нацуми Цунодадан (Жапония) айласын асыра алған жоқ.
Бұл қазақ дзюдошысының Үлкен дулыға санатындағы турнирдердегі 7-жүлдесі. Наурыздың басында Ташкентте алғаш рет күміс алса, осыған дейін тек қола жүлдеге ие болған.