Адвент-күнтізбенің мәні қандай?!
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында ерекше сұранысқа ие болатын сыйлықтың бірі ол адвент-күнтізбе. Күнтізбенің қызығына кішкентай балалардан бастап, үлкендерге дейін бөлінеді. Шетелде танымал күнтізбе соңғы он жылда елімізде кеңінен таныла бастады.
Адвент күнтізбесі ай күндерінің санына сәйкес нөмірленген ұяшықтарға бөлінген қорап. Ай басынан күнтізбенің иесі сан бейнеленген қорапты ашып, тәттілер, қызықты тапсырмалар, жоғары сапалы косметика мен зергерлік бұйымдар секілді кез келген сыйлықты ала алады.
Күнтізбенің тарихына үңілсек, ол алғаш рет 19 ғасырдың басында Германияда лютерандар шырақ жағу немесе қабырғаға бор белгісін салу арқылы Рождествоға дейінгі күндерді санау кезінде пайда болған. Сол сәтте кішкентай балалар тілектері айтып, өткен күндегі жақсылық пен жамандықты еске түсіріп, тәтті сыйлықтар алады.
Содан бері күнтізбе жасау қызықты дәстүрге айналып, баланы сыйлықпен марапаттау рәсіміне айналды.
Мерекелік дәстүрді бұл күндері ірі компаниялар маркетингтік қызметте жүзеге асырып келеді. Мысалы, 2014 жылы Liberty London киім бренді ересектерге арналған премиум адвент күнтізбесін енгізген алғашқы компаниялардың бірі болды. Бағасы 174 евро болатын әдемі қорапта жалпы құны 491 евро болатын өнімдер болған. Бұл адвент күнтізбе брендтің 145 жылдық тарихындағы ең көп сатылатын өнім болып табылады.
Бұл маркетингтік шараны әр жыл сайын көптеген компаниялар ұйымдастырып келеді. Әсіресе, косметикалық өнімдерді шығаратын компаниялар неше түрлі адвент-күнтізбелерді жасайды. Әр ұяшықта косметикалық өнім жасырылып, мереке қарсаңында ерекше көңіл-күй сыйланады.
Қазақстандағы Mary Kay компаниясының маркетингтік коммуникациялар бөлімінің басшысы Марьям Молотова:
«MARY KAY ұсынған жаңа жылдық адвент күнтізбесі сұлулық әлеміне сиқырлы саяхат десек болады. Себебі, сұлу болуға ұмтылған жан күн сайын жаңа ұяшықты аша отырып, өзіне мерекелік көңіл-күймен сыйлап, одан әрі ажарлана түседі»