Air Astana 30 наурыздан бастап көктем-жаз кестесіне өтеді

2025 жылғы 30 наурыздан бастап Air Astana әуекомпаниясы көктем-жаз кестесіне өтеді. Жолаушыларға жаңа бағыттар, танымал курорттық қалаларға маусымдық рейстер қосылған кеңейтілген бағыттар желісін ұсынады.
Кеңейтілген ұшу бағдарламасы
— Антальяға Алматыдан аптасына 12, Астанадан 10 рейске дейін көбейтіліп, жолаушыларға Жерорта теңізінде демалуға жайлы мүмкіндік ұсынады.
— Алматы – Тбилиси қатынасы жалғасады (аптасына 10 рейске дейін), оған қоса Астанадан Тбилисиге қатынас қайта жалғасады (аптасына 4 рейске дейін). Жаңа Атырау — Тбилиси рейсі 27 мамырда ашылып (аптасына 3 рет), екі арадағы жалпы қатынас аптасына 17 рейске дейін жетпек.
— Алматыдан Ыстанбұлға қатынайтын рейс 7-ден 10-ға дейін артпақ.
Жаңа халықаралық бағыттар
— Нячанг (Вьетнам) –24 наурызда Алматыдан (аптасына 4 рейс), 25 наурызда Астанадан (аптасына 3 рейс) іске қосылды. Нячанг ақ қайраң құмымен, жайлы климатымен, дамыған туристік инфрақұрылымымен танымал.
— Гуанчжоу (Қытай) – 30 наурызда Алматыдан қатынас басталады, аптасына 3 рет ұшады. Гуанчжоу – Қытайдың ең ірі іскерлік және сауда орталықтарының бірі.
— Мумбай (Үндістан) – 20 сәуірде Алматыдан қатынас басталып, аптасына 3 рет ұшады. Бұл қала Үндістанның маңызды экономикалық, мәдени орталығы саналады.
— Франкфурт– жаз басталысымен Алматыдан аптасына үш рет қатынас басталады. Франкфурт – Еуропаның ең ірі қаржы орталығы әрі ыңғайлы транзит хабы.
— Дананг (Вьетнам) – 14 мамырдан бастап Астанадан (аптасына 2 рет), 4 маусымнан бастап Алматыдан (аптасына 2 рет) қатынас басталады. Дананг жағажайларымен, тарихи жерлерімен, гастрономиясымен танымал.
— Ош (Қырғызстан) – 28 мамырдан бастап Алматыдан (аптасына 4 рейс).
Маусымдық бағыттар
— Маусымнан қыркүйекке дейін Подгорицаға (Черногория) рейстер қосылады. Бұл бағыт туристерге Адрия теңізінің көркем жағажайы, Балкандағы ерекше табиғатпен танымал.
— Биылғы маусым айынан бастап Алматыдан Батуми мен Бодрумға рейс қайта қосылады (әр бағыт бойынша аптасына 5 рейске дейін).
Барлық бағытқа билетті әуекомпанияның ресми сайтынан және серіктес агенттіктерден таба аласыз.
Қазақстандықтар Грузия, Түркия, Подгорица, Қытай мен Вьетнамға визасыз кіре алатынын еске саламыз.