Air Astana Алматыдағы Түрксіб ауданының мектеп кітапханаларын толықтырды

Жаңа оқу жылының басталуымен Air Astana Алматының Түрксіб ауданындағы бес қазақ тілді мектепте кітапхана қорларын жаңарту жобасын жүзеге асырды. Осы бастама аясында қазақ тіліндегі 855 заманауи, жарқырап безендірілген кітап табысталды.

Бастама сапалы әдебиетке қол жеткізу арқылы балалардың білімі мен дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақтың жетекші Steppe & World Publishing баспасынан таңдап алынған кітаптар кітапханалардың қорларын жаңартып қана қоймай, өскелең ұрпақты оқу мен әлемді тануға итермелейтін білім көзіне айналады.
 
» Оқу білім мен шабыт әлеміне есік ашады. Оқылған әрбір кітап — жаңа көкжиекті ашады және әлемді басқа көзбен көру мүмкіндігін береді. Бүл жоба балаларға сыни ойлау дағдыларын және оқуға деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектесетін мемлекеттік тілдегі сапалы әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «, — деп атап өтті Air Astana корпоративтік коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева.

Сыйға тартылған кітаптардың ішінде «Гарри Поттер» және «Нарнияның хроникасы» сияқты танымал туындылардың толық жинағы, сондай-ақ Oxford University Press-тің ғылыми-көпшілік және балалар әдебиеті, соның ішінде STEM кітаптар жинағы, өзін-өзі дамыту бойынша заманауи кітаптар мен қызықты комикстер бар.

Air Astana қазақ тілін қолдауға және Қазақстанда білім беруді дамытуға өз үлесін қоса отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ұстануды жалғастыруда.