Air Astana APEX марапатын алды

2024 жылдың 30 қазанында, Калифорнияда (АҚШ) өткен салтанатты рәсімде Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) ұйымының «Ірі әуекомпаниялар» номинациясында бес жұлдызды марапатқа ие болды. Бұл соңғы жеті жылдағы Air Astana-ның осы беделді награданы бесінші рет алуы. Бұған дейін әуекомпания үздік борттық қызмет көрсету, үздік тағамдар мен сусындар, ең ыңғайлы орын және үздік ойын-сауық жүйесі номинацияларында да марапаттарға ие болған.

«Air Astana атынан осы беделді APEX наградасын алғаныма қуаныштымын. Бұл біздің клиенттерге тамаша қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге деген толық адалдығымызды растайды», – деп атап өтті салтанатты кеште Жамиля Джаксыбекова, әуекомпанияның бортта қызмет көрсету департаментінің менеджері. – «Біз осы наградаға ие болуымызға себепші болған жолаушыларымыздың оң пікірлеріне шын жүректен ризамыз».

APEX Five Star және Four Star наградалары – бұл толықтай бейтарап жолаушылардың пікірлері мен бағаларына негізделген халықаралық марапаттар, олар APEX және әлемде кеңінен қолданылатын Concur® компаниясының TripIt® саяхатты жоспарлауға арналған қосымшасы арасындағы серіктестік арқылы жиналады. APEX-2025 жеңімпаздарын анықтау үшін расталған брондау нөмірлері бар жолаушылар бүкіл әлем бойынша 600-ден астам әуе компаниясының миллионнан астам рейстерін бес жұлдыздық шкала бойынша бағалады. APEX Five Star және Four Star марапаттары тәуелсіз сыртқы аудиторлық компанияның сертификатына ие.

Бұған қоса, 2024 жылдың маусым айында Air Astana он екінші рет Skytrax ұйымынан төрт жұлдызды марапатын алды. Skytrax наградасы әр әуекомпаниясының борттық және әуежайдағы қызмет көрсету сапасын қамтитын, жан-жақты аудит пен талдау нәтижесінде беріледі.

Бұл екі беделді марапат Air Astana-ның жолаушылар сапарының әр кезеңінде жоғары деңгейлі қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге деген тұрақты ұмтылысын растайды.