Air Astana Etihad Airways компаниясымен кодшеринг келісімін жасасты
Air Astana Etihad Airways әуекомпаниясымен кодшеринг келісімінің жасалғанын қуанышпен хабарлайды. Келісім 2024 жылдың 26 қарашасынан бастап күшіне енеді. Бұл стратегиялық серіктестікті нығайту және екі әуекомпаниясының жолаушылары үшін сапар мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы маңызды қадам.
Аталған келісім аясында Air Astana жолаушылары Etihad Airways әуекомпаниясының Мумбай, Эр-Рияд, Даммам, Бахрейн, Каир, Эль-Кувейт және Мускат қалаларына бағытталған рейстерін пайдаланап, Үндістан, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Катар, Кувейт және Оман елдеріне жаңа сапар мүмкіндіктерін ашады. Etihad Airways-тің жаһандық маршруттық желіне Air Astana жолаушылары Абу-Даби арқылы қосыла алады. Әуекомпанияның Абу-Дабиге тікелей рейстері Астанадан қазан айының соңында іске қосылды, ал Алматыдан 2024 жылдың 5 желтоқсанынан басталады.
«Etihad Airways компаниясымен серіктестікке қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Бұл біздің жолаушыларымызға жаңа сапар мүмкіндіктерін ұсынып, кеңейтілген маршруттық желіге қолжетімділік береді. Бұл ынтымақтастық жолаушыларымызға жоғары деңгейдегі қызмет көрсету және қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, ерекше және жайлы сапар тәжірибесін ұсынуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Осы серіктестік аясында жолаушыларды қарсы алуды асыға күтеміз», – деп атап өтті Air Astana-ның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Жанна Шаяхметова.
Кодшерингтік келісімдер бірлескен брондауды рәсімдеуді, тіркеу процесін жеңілдетуді және багажды ыңғайлы тасымалдауды қамтамасыз етеді. Air Astana әлем бойынша 8 әуе компаниясымен кодшерингтік келісімдер жасасты.