Air Astana Қазақстан өңірлерінен халықаралық рейстерін кеңейтуде

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Air Astana Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus әуе кемелерімен орындалады.

Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 50 минут. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 08:50-де жетеді. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та қонады. Барлық алымдар мен салықтарды қоса есептегендегі екі жаққа билет құны эконом-класта 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан немесе уәкілетті агенттіктерден сатып алуға болады.

Жаңа бағыттың ашылуымен Air Astana әуекомпаниясының жазғы кестесінде Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды. Қазақстанның үш қаласынан ұшу жүзеге асырылады: Алматыдан – аптасына тоғыз рет, Астанадан – үш рет, сондай-ақ Атыраудан – үш рейс. Қазақстан азаматтары Грузия аумағында визасыз бір жылға дейін бола алады.

Air Astana жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін ел өңірлерінен халықаралық рейстерді дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта әуекомпания Шымкенттен Джидда мен Мәдинаға тұрақты рейстерді, Дохаға чартерлік рейстерді орындайды. Ал Атыраудан тұрақты рейстер Ыстамбұл, Дубай және Амстердамға орындалады.