Air Astana компаниялар тобының 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы ҚЕХС қаржылық нәтижелері

Air Astana компаниялар тобы («Компания» немесе «Топ»), Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы түсім мен әуе кемелері паркінің көлемі бойынша ірі әуетасымалдаушы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдың ішінде қаржылық нәтижелерін жариялайды.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

  • 9 айдағы рекордтық нәтиже: түсімнің 20.5%-ға 900.6 миллион АҚШ долларына дейін өсуі (9M2022: 747.2 миллион АҚШ доллары)
  • Операциялық пайда 11.2%-ға өсіп, 128.9 миллион АҚШ долларына жетті (9M2022: 115.9 миллион АҚШ доллары)
  • Таза пайда 18.7%-ға өсіп, 72.4 миллион АҚШ долларына жетті (9M2022: 61.0 миллион АҚШ доллары)
  • EBITDAR* (пайыздар, салықтар, амортизация және қайта құрылымдау немесе жалдау шығындарына дейінгі пайда) 14.4%-ға, 249.8 миллион АҚШ долларына дейін өсті (9M2022: 218.3 миллион АҚШ доллары), ал EBITDAR бойынша түзетілген табыстылық** 28% құрады (9M2022: 29%)
  • CASK (шекті жолаушы километріне арналған шығындар) 5.8 AҚШ центі (9M2022: 5.4 АҚШ центі)
  • RPK (жолаушылар километрі үшін кіріс) 11.1 миллиард АҚШ доллары (9M2022: 9.7 миллиард АҚШ доллары)

Негізгі операциялық көрсеткіштер

  • Топтың тасымалданған жолаушыларының жалпы саны 12%-ға артып, 6,0 млн. адам (9М2022: 5,4 млн.) болды, орташа жүктеме коэффициенті 84% (9М2022: 83%)
  • Ұлыбритания, Түркия, Үндістан, Таиланд, Өзбекстан, Грузия және Парсы шығанағы елдеріне көктемгі-жазғы ұшу кестесі аясында рейстер саны көбейді. Сондай-ақ, компания Қытайға рейстерін  жандандырды
  • Есепті кезең аяқталғаннан кейін Жиддаға жаңа маршрут ашу арқылы Топтың халықаралық желісі одан әрі кеңейді
  • Топтың әуе кемелері паркі есепті кезеңнен кейін 49 бірлікке дейін ұлғайды
  • Астана халықаралық әуежайында соңғы буынның ұшу тренажерларымен жарақтандырылған және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігімен (EASA) сертификатталған Ұшу құрамын даярлаудың жаңа орталығы пайдалануға берілді
  • Air Astana он бірінші рет жолаушыларға қызмет көрсетудің үздік сапасы үшін «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания» санатында Skytrax сыйлығын және екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы әуекомпанияның үздік борттық қызметі»  марапатын алды
  • Air Astana әуекомпаниясы Airline Passenger Experience Association (APEX)-ның «Ірі әуекомпаниялар» санатында бес жұлдызды рейтингке ие болып, APEX марапатын тоғызыншы рет иеленді
  • Топтың 2023-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы іске асырылды, ол Топтың ESG стратегиясына енгізілген және Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі мақсатына сәйкес келеді
  • Air Astana әуекомпаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі бойынша тоғызыншы аудитінен сәтті өтті.

Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер:

«Топ 2023 жылы жоғары инфляция мен Airbus NEO ұшағындағы Pratt & Whitney 1100 қозғалтқыштарының ақауларына қарамастан жақсы нәтижелерді көрсетуді жалғастыруда. Барлық нарықтар сенімді өсуді көрсетеді. 2021 жылдың ортасынан бері көріп отырған жоғары сұраныстың азайып бара жатқанының кішігірім белгісі бар. Топтың Орталық Азия мен Кавказға бағыттарында осы елдерге Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларының қатынауы оң әсерін тигізді, олардың көпшілігінде іскерлік және туристік сапарлардың айтарлықтай өсуі байқалады. Шығыс және Оңтүстік Азия бағыттары да жақсы нәтиже көрсетеді, соның ішінде Қытайға рейстер COVID-ке байланысты әуе қатынасы баяу қалпына келгеннен кейін қарқын алуда. Топ қызмет көрсетудің жоғары сапасына басымдық беруді жалғастыруда және осы жылдың басында Air Astana және FlyArystan Skytrax World Airline Awards салтанатында өз санаттарында жоғары өңірлік марапаттарға ие болғанына қуаныштымыз»

 

Топтың табысты өсуі жоғары жолаушылар сұранысы мен желіні кеңейту есебінен қамтамасыз етілді