Air Astana компаниясының ЖДҚ және қарапайым акцияларының AIX-тегі алдын-ала шартты саудасының нәтижелері

Air Astana компаниясының IPO-сы шеңберінде AIX биржасы Freedom Broker маркет-мейкерінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет жергілікті инвесторларға пре-маркеттегі алдын-ала сауда (conditional trading) мүмкіндігін ұсынды.

Бұл – Қазақстанның қор нарығындағы инновация. Алғаш рет қазақстандық инвесторлар отандық биржада Лондон Қор биржасындағы шетелдік инвесторлармен қатарлас сауда жасай алды. Сауда Air Astana компаниясының жаһандық депозитарлық қолхаттарымен ғана емес,  АҚШ долларында есептелген қарапайым акцияларымен де жүрді. Бұл жаңалықты нарық қуана қабылдады.

Бірінші күнгі сауданың нәтижелері:

  • Шартты сауда басталғаннан кейін жетінші минутта сауда көлемі 200 мың АҚШ долларын құрады.
  • Бірінші сағаттың ішінде жасалған мәмілелердің көлемі 3 млн АҚШ долларына жетті.
  • Сауда күні аяқталғанда ЖДҚ бағасы —  $9,41, акция бағасы —  $2,47 құрады, бұл 4% өсім.
  • 9 ақпан, сауданың бірінші күнгі көлемі 3,8 млн АҚШ долларын құрады.

Алдын-ала сауда 12-14 ақпанда жалғасып, 2024 жылдың  15 ақпанында негізгі саудаға ұласады деп күтілуде.

Сауда нәтижелерін AIX вебсайтында https://market.aix.kz/ парақшасында көруге болады.