Air Astana мен Japan Airlines кодшер келісімін жасады
Air Astana және Japan Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойылғанын қуана хабарлайды. Келісім екі әуекомпанияға 2026 жылдың көктемінде іске қосылуы жоспарланған Алматы-Токио жаңа рейсіне өздерінің тиісті кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік және туристік саяхат үшін байланысты жақсартады, сонымен қатар екі ел арасындағы адамдар мен тауарлардың тасымалын ұлғайтады. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.
“Біздің Japan Airlines-пен ынтымақтастығымыз халықаралық желімізді кеңейтетін және тұтынушыларымыз үшін көбірек саяхат нүктелерін ұсынатын үлкен шара. Қазақстан мен Жапония арасында жолаушылар үшін тұрақты тікелей әуе қатынасын ұсыну мүмкіндігін асыға күтеміз”,— деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
“Air Astana сияқты салмақты серіктеспен ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз. Жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту арқылы Жапония мен Қазақстан арасындағы 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жағдай жасаймыз”,- деді Japan Airlines компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мицуко Тоттори.
Ұшу кестесі туралы ақпарат әуекомпаниялардың жоспарлау және билет сату жүйелерін біріктіргеннен кейін қосымша жарияланады.