Air Astana Nomad Club бағдарламасын жетілдіруде

Air Astana әуекомпаниясы 2024 жылдың 17 мамырдан бастап Nomad Club жиі ұшатын жолаушылар бағдарламасын жетілдіретінін хабарлайды. Ауқымды жетілдіру жолаушылардың пікірлерін мұқият талдағаннан кейін жүзеге асырылып, бағдарлама үшін жаңа кезеңнің басталуын белгілейді.

Жетілдіру аясында Nomad Club бағдарламасындағы ұпайлар алгоритмі өзгереді: 17 мамырдан бастап ұпайлар бұрынғыдай ұшу қашықтығы үшін емес, тариф үшін жұмсалған сома негізінде беріледі. Сонымен қатар, билеттерді брондау әуекомпания сайтының тікелей басты парақшасынан мүмкін болады, әрі жүлде билеттерін сатып алу немесе қызмет көрсету класын жақсарту үшін, рейстің жүктелуіне қарай, ең төменгі ұпай шегі қоладанылады.

17-20 мамыр аралығындағы өтпелі кезеңде Nomad Club қызметтері рейске тіркеу орындарында, Брондау және ақпарат орталығы мен сату кеңселерінде, компанияның ресми сайт пен қосымшасында уақытша қолжетімсіз болады. Сондай-ақ 21-25 мамыр аралығында ресми сайттың жаңартылуына байланысты жеке кабинетке кіру ара-тұра қолжетімсіз болуы мүмкін. Сол себепті бағдарламаға қатысушылар жеке кабинеттерінде жоспарлаған іс-шараларын 17 мамырға дейін аяқтағаны абзал. Бағдарлама қатысушыларының мәртебелері мен жиналған ұпайлары жаңа жүйеге өзгеріссіз ауыстырылса, өтпелі кезеңдегі рейстер үшін ұпайлар автоматты түрде есептелінеді.

Air Astana бағдарламасын жетілдіруін жаздың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Жетілдіруден кейін қолжетімді болатын қосымша жаңа артықшылықтар туралы кейінірек хабарланады. Nomad Club бағдарламасындағы өзгерістер туралы ақпаратты жиі қойылатын сұрақтар  бөлімінен қарауға болады. Nomad Club жеке кабинетті басқаруға қатысты сұрақтар бойынша help.airastana.com жәрдем орталығы немесе +7 727 244 55 30 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Air Astana-ның жиі ұшатын жолаушылар бағдарламасы 2007 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, бүгінде 155 елден 600 мың қатысушыны қамтиды және көк, күміс, алтын және гауһар деңгейлерін ұсынады.