Air Astana «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» атанды

Air Astana APEX-2025 «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» марапатын алды. Салтанатты марапаттау рәсімі 2024 жылдың 20 қарашасында Сингапур қаласында өтті.

«Бұл марапат — Air Astana командасының көп жылдық еңбегінің нәтижесі және қонақжайлылық, жоғары қызмет көрсету стандарттары мен инновациялық экологиялық бастамаларды жүзеге асыру арқылы жолаушыларымызға ерекше тәжірибе сыйлау миссиямызды көрсетеді», – марапатты қабылдау барысында атап өтті Air Astana компаниясының Борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова.

Көрме аясында Елена Обухова Air Astana-ның жолаушылармен эмоционалды байланыс орнату тәсілдері туралы презентация жасады. Саяхатшыларға Қазақстан мәдениетімен байланыс сезімін орнатуға деген әуекомпанияның ұмтылысын ерекше атап өтті.

Осы жылдың басында Air Astana APEX Five Star Award марапатын «Ірі әуе компаниялары» санатында жеңіп алды. Бұл халықаралық марапат APEX және Triplt by Concur серіктестігі арқылы бейтарап, тәуелсіз жолаушылардың пікірлеріне негізделген. Марапаттау рәсімі АҚШ-тың Калифорния штатында өткен APEX/IFSA Global EXPO көрмесінде болған.

Сингапурда өткен APEX Awards марапаттау рәсімі Азия-Тынық мұхиты аймағында әуекомпаниялардың жетістіктерін атап өтіп, инновациялар мен өңірге бейімделу мүмкіндіктерін дәріптеді. Марапат өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шара саналатын FTE APEX Asia EXPO көрмесі аясында табысталды.