Air Astana тобы зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетті

Air Astana тобы Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүкті тегін жеткізуге көмектесті. Гуманитарлық жүк «Qamqor Charity» Алматылық қоғамдық қор жинаған ең қажетті заттар мен азық-түлік өнімдерінен тұрады.

Алғашқы үш тонна гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Оралға бүгін ұшып кетті. Жалпы алғанда Air Astana және FlyArystan 10 тоннаға дейін гуманитарлық жүкті жеткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы зардап шеккендерге жергілікті көмек көрсету үшін еріктілерге тегін билет берді.

Air Astana тобы осы табиғи апаттан зардап шеккендерге көңіл айтып, өңірлердің тезірек қалпына келуін үміт етеді.