AirAsia X Алматы — Куала-Лумпур бағыты арқылы Орта Азияға жол ашады

Азия елдерінде кеңінен танымал AirAsia X (AAX) авиа компаниясы Орталық Азияға жол ашты. Келер жылдың наурыз айынан бастап аптасына төрт мәрте (әр сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі)Алматыдан Куала-Лумпурға тікелей әуе рейсі өз қызметін бастайды.

AirAsia X-тің Орталық Азия нарығына шығуы әуе компаниясы үшін маңызды. Себебі, әуе бағыты  саяхатшылар мен жолаушылар үшін Малайзия елінің көрікті мекендерімен танысуға жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Азия құрлығының жауһарына айналған Малайзия елінде үш көне мәдениет тоғысқан керемет өлке. Демалыс, сауық құру, ем қабылдау, білім алу секілді мүмкіндерді беретін ел. Жыл сайын 10 миллионнан астам туристтерді қабылдайтын ғажап мекен жаңа әуе бағыттың арқасында одан да көп саяхатшыларға тарихи және мәдени аймақты өз көзімен көруге ықпал етеді.

Capital A төрағасы Датук Камарудин Меранун:

«16 жылдық тарихы бар AirAsia X әуе компаниясы жаңа сатыға көтеріліп, нарықтағы өз бағытын кеңейтуге ниетті. Тікелей рейсттің арқасында Алматы мен Куала-Лумпурды байланыстыра отырып, сауда, медицина, бизнес және білім саласындағы көрсеткіштерді арттырамыз. Екі елдің халқын әуе бағыты арқылы жақындатып, тарихи бай мұрасы мен мәдениетін таныстырамыз. Малайзия еліне қадам басқан жолаушы Индонезия, Вьетнам, Сингапур секілді көршілес мемлекеттерді де көруге мүмкіндік алады. Сол себептен бұл әуе бағыты үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Мысалы, отбасымен саяхаттауды сүйетін жандарға тамаша мүмкіндік. Біз кішкентай жолаушыларымызға ерекше көңіл бөліп, оларға жеңілдікпен әуе билеттерін ұсынамыз, ұшу кезінде бала назарын аулайтын ойын-сауық бағдарлама мен шағын сыйлықтар қарастырылғаны туралы айта кеткен жөн. Сондай-ақ, аптасына төрт мәрте ұшатын әуе бағыты арқылы сауда, туризм мен медицина саласында қызмет ететін кәсіпкерлер өз қызметін кеңейте алады деп сенемін»

Расында да, Алматы мен Куала-Лумпур арасында AirAsia X рейстерінің ашылуымен саяхатшылар Малайзияның сұлулығын көріп, оның тағамдары, мәдениеті, жыл бойы демалуға болатын жағажайларымен таныса алады. Әуе бағытының іске қосылуына орай бір бағыттағы билет құны  249 АҚШ долларынан басталады.

Сонымен қатар, компания Қазақстандағы серіктестермен қызмет етіп, саяхаттау үшін бар қолайлы мүмкіндіктерді қарастырады. Авиабилеттерді www.airasiax.com ресми сайтында немесе туристтік агенттіктерде сатып алуға болады.