Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы бизнестегі тенденцияны белгілейді
Қазақстанның жас әйел кәсіпкерлері өз бизнесін дамытуға арналған грант иегерлері болды. Әйелдер кәсіпкерлігі академиясында (AWE) оқудан өтіп, жобаларын сәтті қорғады.
Алматыда қаласында өткізген бағдарламаның (AWE) жабылу салтанаттың аясында түлектерді марапаттау және миллион тенге көлімдегі гранттар табыстау өтті. Халықаралық білім беру жобасын АҚШ Мемлекеттік департаменті «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асыруда.
Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күні қарсаңында Алматы қаласындағы Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы (AWE) жаһандық жобасының кезекті аяқтау рәсімі өтті. Биыл Қазақстанда сұранысқа ие халықаралық жобаның қатысушылар саны 130-ға жетті.
Бизнесті бастау және басқару курстарың аяқтаған қатысушылар АҚШ Мемлекеттің Білім беру және мәдениет істері бойынша бюросының түлектермен байланыс басқармасының аға бағдарлама менеджері МэриЭнн Робинсон ханыммен қарсалатың болды.
«Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы (AWE) 9 000-нан астам әйелді өз бизнесін дамыту құралдарымен қамтамасыз етіп, әлемнің 100-ге жуық еліндегі әйелдер басқаратын бизнестің кірістерінің өсуіне және жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Біз бұл күш-жігерді қолдайтынымызды мақтан тұтамыз, өйткені әйелдер өз елдері мен қауымдастықтарының экономикасына елеулі үлес қосатынын білеміз», — деді МэриЭнн Робинсон қабылдау сөзінде.
Академияның оқу бағдарламасының соңғы кезеңі өз ісін дайындау және қорғау болды. Жоба питчинг форматындағы іс-шара аясында қорғалды. Түлектер өз бизнес-идеяларын сарапшылар тобына ұсынды, олардың қорытынды қорытындысы бойынша 1 миллион теңге көлеміндегі грант иегерлері анықталды.
Байқау финалистерінің арасында Алматы облысынан келген Меруерт Абылкасымова ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасап, сату бағытын иеленді. Жаңа жылдық ойыншықтарға ұқсас идеяны Академия түлегі Жанна Нугербек ұсынды. Кәсіпкер Райгуль Калиева өз тағдырын тәттілер шығарудан көреді. Қатысушылар сәукеле түріндегі желе кәмпиттерінің үлгілерінен, ұлттық әшекей бұйымдарынан және тағы басқа бірнеше түрлерінен дәм татты. Римма Марат академиясының миллион тенге көлімдегі грантына тағы бір үміткер. Әйел алған іскерлік дағдыларын қолдан ағаштан іскерлік тақталарды жасауды ұйғарды.
АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулының қатысуымен Әйелдер кәсіпкерлігі академиясының түлектеріне құрмет көрсету шарасы өтті. Мишель Еркін білім беру жобасының маңыздылығы мен болашағына тоқталып, сонымен қатар бизнеске ұмтылғандарға бас жүлделерді табыс етті.
«Біз AWE-ге инвестиция салып жатырмыз, өйткені экономиканы әртараптандыру және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту екі ел де нығайтады деп сенеміз. AWE түлектері ретінде сіз бүгінгі және болашақтың сын-қатерлерін жасайтын, талдайтын және инновациялық шешімдерді табатын кәсіпкерлердің, педагогтардың, әлеуметтік желілердегі ықпал етушілер мен инноваторлардың келесі ұрпағының белсенді мүшелері болдыңыз», — деді АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы Мишель Еркiн.
Айта кетерлігі, Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы биыл рекордтық қатысушыларды жинады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 130 санына тең әел қатысты. Бағдарлама аясында Тараз және Павлодар қалаларында аймақтық нетворкинг іс-шаралары өтті.
Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы бағдарламасы — АҚШ Мемлекеттік департаментінің әлемнің 80-нен астам елінде жүзеге асырып жатқан жаһандық бастама. Бүгінгі күні әлемнің түкпір-түкпірінен 16 000-нан астам әйел осы бағдарламаға қатысып, бизнес құру тәжірибесімен бөлісетін, сондай-ақ іскерлік байланыстар орнататын түлектердің коммуникациялық қоғамдастығын құрды.