Айнұр Ақашева: «Нәзік жандыларды әдемі болуға үйретуден шаршамаймын»
«Мэри Кэй» бизнесіндегі 30 жылдан астам тәжірибесі бар Айнұр Акашева Семей өлкесінің тумасы. Жақында ол компания тарапынан үздік қызметі үшін берілетін үлкен сыйдың иегері атанды. Алтыншы қызғылт «Мерседеске» ие боғлан Айнұр ханым өз ойымен бөлісті.
«Сұлулық әлеміне келгеніме 30 жылдан асты. Осы жылдар арасында көптеген жетістіктерге жеттім, компания тарапынан үлкен сыйлар алдым, әлемнің керемет мекендерін аралап қайттым. Мұның барлығын неге айтып отырсыз десеңіз, мен өмірімнің қаншалықты өзгергенін баяндап отырмын. Мысалы, 1993 жылдары мен Алматының орталығында торт пісіріп, соны сатып, нәпақамды тауып жүрдім. Күндердің күнінде әпкем Mary Kay компаниясы туралы айтып, бет күтіміне қатысты ақпаратпен бөлісті. Басында күмәнмен қарасам да кейін тәуекелге бет бұрып, компаниядағы қызметімді бастап кеттім.
Әрине, қызмет жолында әр түрлі жағдайлар болды. Сағым сынса да ертеңіме сендім, жұмысымды жалғастырдым. Себебі, менің екі қызым бар. Оның бірісі ерекше болғандықтан еміне жыл сайын 50 000 доллар керек болатын. Сол үшін жолдасым екеуміз күні-түні жұмыс жасадық. 2000 жылы Қазақстанда «Мэри Кэй» компаниясының бөлімшесі ашылды, ал 2001 жылы мен 532 базалық бірлік нәтижесінде төрт ең үздік сату қатарында Директор қатарында Далласқа бардым. Бұл сапар менің өмірімді түбегейлі өзгертті, сондықтан компания масштабы, философиясы, семинарлары мен қызметі мені таңғалды. Сосын мен Мэри Кэй Эштің үлкен портретіне қарап, «келесі жылы осында Кеңесшілерді тарту бойынша Ханшайым статусында ораламын» деп өзіме уәде бердім.
Басты мақсатым – нәзік жандыларға сұлулық сыйлау! Оларға әдемі болуды үйретіп, өмірінің өзгеруіне ықпал етуден еш шаршамаймын. Себебі, әр жан бақытты болуға лайықты»