Ақ жол, «Қажымұқанның» түлектері!
Бүгін, 2023 жылдың 21 мауысымында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі түлектеріне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК — 2023» атты аттестаттар мен дипломдарын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы жылы спорттық-оқу мекемесінің ұясынан мектептің 41 түлегі мен колледждің 38 студенті бітіріп отыр.
Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы — Ербол Мырзабосынов мекеме түлектеріне сәт сапар тілеп, алға қойған мақсаттарына тайсалмай жетулеріне ниеттес екенін жеткізді. Іс-шара барысында түлектерге аттестаттары мен дипломдарын табыстады.
Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының 11 «Б» сыныбы оқушысы Любимов Кирилл үздік аяқтап, қызыл аттестат алса, колледждің 6 студенті Ташметова Асылай, Константинова Анна, Васенькина Алена, Балтабаева Асемгуль, Амандык Жанслу және Зинат Алан қызыл дипломмен аяқтады.
«Биылғы оқу жылының мектеп жетістіктері айтарлықтай жеткілікті болды. Халықаралық жарыстардағы 47 жұлде (онын ішінде 13 алтын, 21 күміс, 13 қола), республикалық жарыстарда 377 медаль (онын ішінде 160 алтын), ол біздің үлкен команданың жеңісі деп санаймын!» — деді оқу ордасының директоры Мәлік Сапашев.
Жалпы биылғы жылы колледж бітіруші түлектердің арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 ҚР спорт шебері, 15 спорт шеберіне үміткер бар.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті