Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысын қорытындылады

Ақмола облысы әкімдігінде облыстың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырылып, онда әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды және ағымдағы жылға арналған міндеттер белгіленді.

Кеңестің жұмысына облыстың барлық аудандары мен қала әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. Сондай-ақ іс-шараға қатысқан спикерлер арасында:

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ануар Омаров;
  • Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова;
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жаров;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Сағыныш Аяғанова;
  • Облыс әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Жанар Қожагелдинова;
  • Облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек болды.

Кеңесте Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылғы жұмысының қорытындысымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау жағдайы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің аудандар мен қала әкімдерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірлескен іс-қимылы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың маңыздылығы сияқты өзекті мәселелер қозғалды.

Іс-шараның екінші бөлігінде Айнагүл Жанәділова барлық аяулы аруларымызды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, бірнеше әдеп жөніндегі уәкілге Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың атынан алғыс хаттар табыстады.Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен оң беделін арттыруға қосқан еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілерге өз атынан алғыс хаттар табыстады