Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау жөніндегі қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы шығарылды.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың балансында 800-ден астам қызметтік автокөліктер бар.
«Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне сәйкес қызметтік автокөлікті басқару кезінде ЖҚЕ бұзушылықтарға жол берген адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартудың 201 фактісі анықталды.
Көптеген жағдайларда жол қозғалысы ережелерін бұзу белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтамаумен байланысты, сондықтан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 592-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 112 адам жауапқа тартылды» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев.
Талдау шеңберінде Департаменттің хаттары негізінде кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 350 мың теңгеден асатын мөлшерде 25 әкімшілік айыппұл төледі.
Сонымен қатар талдаумен жалпы сомасы 418 942 теңгеге залал келтірілгені анықталды.
Департамент қабылдаған шаралардан кейін мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен төленген жалпы сомасы 27 690 теңгеге айыппұлдар ерікті түрде қайтарылды.
Жалпы сомасы 391 252 теңгеге іссапар шығыстарын заңсыз төлеу фактілері анықталып, олар Департамент талаптарының негізінде бюджетке қайтарылды.
Басқа жағдайда Департамент жалпы сомасы 88 608 теңгеге іссапар төлемдерін алу құқығынан негізсіз айырылған 2 қызметкердің құқығын қалпына келтірді.
«Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы ұсынған мәліметтерді зерделеу қорытындысы бойынша Департаментпен қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдаланудың 21 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, Департамент Ақмола облысы полиция департаментінің жол-патрульдік қызметімен бірлесіп. демалыс күндері қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд қорытындысы бойынша Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметшілерінің қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Талдау қорытындысы бойынша — 13 адам, оның ішінде қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін — 9 адам, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін — 2 мемлекеттік орган басшысы және іссапар шығыстарын негізсіз төлеумен және іссапарды тиісінше ресімдемеумен байланысты өзге де бұзушылықтар үшін — 2 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Думан Әбілевтің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдалануы қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді және Департаменттің міндеті бақылау және түсіндіру іс-шараларын жүргізу арқылы осындай бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының ақпараты
Фотосурет: Zakon.kz