Ақмола облысының жас робототехнигі Түркияда өткен халықаралық олимпиадада қола жүлдеге ие болды

2025 жылдың 16-20 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен Fibonacci Eurasia Robot Olympiad халықаралық чемпионатында 10–13 жас аралығындағы қатысушылар арасында өткен 3kg Lego Sumo санатында Байзақов Арсен жүлделі 3-орын иеленді. Арсен – Қосшы қаласындағы «Jana beles» балаларды дамыту орталығының тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасының мүшесі.
Арсеннің жаттықтырушысы — Мусахмет Даниал, ол шәкіртін жарысқа жоғары деңгейде дайындап, халықаралық додада абыроймен өнер көрсетуіне сеп болды.
Чемпионатқа Иран, Түркия, Италия, Эстония, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Грекия, Филиппин, Кипр, Тәжікстан және Румыния елдерінен командалар қатысты.
Сонымен қатар, Арсен 2025 жылдың қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін келесі халықаралық кезеңге жолдама жеңіп алды.