Ақсай өзеніне бөгет салу жұмыстарын жүргізген ЖШС бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде.
ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде.
Атап айтқанда, ЖШС «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған.
ЖШС жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуді.
Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.