АҚШ пен Қазақстан арасындағы Адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша жоғарғы деңгейдегі диалог

Астана қаласында АҚШ пен Қазақстан арасындағы Адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша жоғарғы деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың үшінші отырысы өтті. АҚШ делегациясын Мемлекеттік хатшының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары  мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зея бастап келді. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі, Елші Ержан Қазыхан баcқарды.

Диалог барысында АҚШ пен Қазақстан адам құқықтарын ілгерілетуге бейілділігін атап өтті. Делегация мүшелері бірқатар негізгі мәселелерді талқылады, соның ішінде заң үстемдігі,  сөз және БАҚ бостандығы, дін немесе сенім бостандығы, халықтың осал топтарын қорғау; мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары мен С5+1 платформасы аясындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері.

Адам құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар бостандығын қорғау, тәуелсіз БАҚ-ты құрметтеу — салауатты және өркендеген демократия үшін аса маңызды. Америка Құрама Штаттары Президент Тоқаевтың реформалық күн тәртібін толықтай жүзеге асырылуын бекем қолдайтынын растап, адам құқықтарын ілгерілетудегі жетістіктерін, соның ішінде зардап шеккендерді қорғаудағы маңызды қадам ретіндегі 2024 жылғы сәуірде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыру бойынша заңның қабылдануын құптады. Сонымен бірге, АҚШ делегациясы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан реформалары азаматтық қоғам серіктестерінің толық қатысуымен және олармен кеңесу арқылы ілгерілелуі керек екенін айрықша атап өтті. Америка Құрама Штаттары адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу — тәуелсіз БАҚ, азаматтық қоғам және саяси партиялар жөнсіз шектеулерсіз еркін жұмыс істей алатын, өркендеген және жарқын «Жаңа Қазақстанның» маңызды бөлігі болуы керек деп сенеді.