АҚШ Сауда министрінің көмекшісі Венкатараман «Trade Winds» бағдарламасы аясында АҚШ компанияларының делегациясын басқарып келеді
АҚШ Сауда министрінің көмекшісі және АҚШ және Шетелдік сауда қызметінің бас директоры Арун Венкатараман 2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында өтетін АҚШ үкіметінің жыл сайынғы ең ірі сауда миссиясы Trade Winds аясында американдық компаниялардың делегациясын Қазақстандағы Алматыға басқарып келеді.
АҚШ Сауда министрлігінің Халықаралық сауда әкімшілігі (ITA) ұйымдастырған Trade Winds бағдарламасы американдық бизнесті АҚШ-тың коммерциялық дипломаттарымен және сауда сарапшыларымен байланыстыратын жыл сайынғы сауда миссиясы және бизнесті дамыту форумы болып табылады. Форум аясында бизнес пен үкімет арасында жеке кездесулер өткізіледі, сондай-ақ потенциалды жергілікті серіктестермен, жеткізушілермен және дистрибьюторлармен танысу іс-шаралары және кездесулер ұйымдастырылады.
«Мен АҚШ-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығының іргетасы болып табылатын бизнес пен бизнес арасындағы байланысты тереңдету үшін секторлардың кең ауқымынан құралған АҚШ бизнес өкілдерінің осы делегациясын Қазақстанға басқарып келгенімді мақтан етемін», — деді Сауда министрінің көмекшісі Венкатараман. «Бұл сапар біздің сауда-инвестициялық қарым-қатынасымызды кеңейтудегі ортақ күш-жігеріміздің маңызды қадамы болып табылады»
Алматыда сауда миссиясының қатысушы компаниялары мемлекеттік қызметкерлермен, нарық сарапшыларымен, сондай-ақ АҚШ Сауда министрлігімен алдын ала таңдалған потеницалды іскер серіктестермен, сатып алушылармен, сату агенттерімен және дистрибьюторлармен кездеседі. Сонымен қатар, министрдің көмекшісі Венкатараман Астанада Қазақстан үкіметінің өкілдерімен, соның ішінде Сауда және интеграция министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіндегі әріптестерімен кездесіп, екіжақты іскерлік ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылайды. Ол сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтудегі күш-жігері, сондай-ақ энергетикалық секторды әртараптандыру бойынша бизнес мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін Қазақстанда жұмыс істейтін АҚШ-тың жетекші жеке сектор өкілдерімен және жетекші қазақстандық бизнес көшбасшыларымен кездеседі.