Ақтауда каратэден (WKF) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Ақтау қаласында каратэден (WKF) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Halyk Arena әмбебап спорт кешенінде 400-ге тарта татами шебері ката және кумите бағдарламасында жүлделерді сарапқа салды. Бұл рекорды көрсеткіш! Осыған дейін каратэден ересектер арасында ел ішілік бәсекеге мұнша спортшы қатыспаған.
Бұл қатарда Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева, тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері – Қайсар Алпысбай, Әсел Қанай, Нұрқанат Әжіқанов, Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев және өзге де тәжірибелі каратэшілер бар.
Назарыңызға чемпиондарды ұсынамыз:
Ерлер, кумите:
55 кг дейінгі салмақ: Мирас Әбдіқадыр (Жамбыл облысы)
60 кг: Нұрбек Кенжебай (Атырау облысы)
67 кг: Еркінбек Байтореев (Маңғыстау облысы)
75 кг: Нұрқанат Әжіқанов (Ақтөбе облысы)
84 кг: Данияр Юлдашев (Шымкент қаласы)
+84 кг: Диас Ұлбек (Алматы қаласы)
Әйелдер:
50 кг дейінгі салмақ: Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда облысы)
55 кг: Айшабибі Шарахан (Маңғыстау облысы)
61 кг: Әсел Қанай (Түркістан облысы)
68 кг: Дайяна Даренская (Алматы қаласы)
+68 кг: Софья Берульцева (Шымкент қаласы)
Командалар арасындағы бәсеке, ерлер: Шымкент қаласы-1
Командалар арасындағы бәсеке, әйелдер: Алматы қаласы
Ката, ерлер: Мәди Катешов (Түркістан облысы)
Ката, әйелдер: Владлена Сигалова (Алматы қаласы)
Ерлер арасындағы командалық ката: Батыс Қазақстан облысы
Әйелдер арасындағы командалық ката: Шымкент қаласы
Жалпы есепте 4 алтын, 3 күміс пен 3 қола олжалаған Шымкент қаласының командасы 1-орын алды. Келесі сатыға Алматы қаласы (2-орын) мен Маңғыстау облысының (3-орын) өкілдері тұрақтады.
Айта кетейік, биыл каратэден Қазақстан чемпионаты алғаш рет телеарнадан (Sport+Qazaqstan) тікелей эфирде көрермендерге жол тартты.
Telegram-канал: Ақтауда каратэден (WKF) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды