Ақтөбе әуежайы жедел желіні іске қосты

Сall-орталық қызметкерлері жолаушылар тарапынан түскен барлық хабарламаны жедел талдап, рейстердің кешігуі бойынша кеңес береді.  

 

Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова әуежайының кестесіне сәйкес, бүгін, 7 ақпанда 10 рейсті қабылдау жоспарланған. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып, кейбірі кешіктірілуде.

 

Тоқтатылған рейстер:

Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау;

SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана;

Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана.

 

Кешіктіріліп жатқан рейстер:

FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы; 

Scat Dv11 / 712 Алматы-Ақтөбе-Алматы;

FlyArystan КС7391 / 7392 Астана-Ақтөбе-Астана;

SCAT Dv721 / 722 Астана-Ақтөбе-Астана;

FlyArystan КС7778 / 7777 Ақтау-Ақтөбе-Ақтау.

 

Себеп — әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі. 

 

Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі жолаушылардан өзекті ақпараттарды әуежайдың анықтама қызметінен немесе әуе компанияларының Сall-орталықтарынан нақтылауды сұрайды.