Ақтөбе облысының тұрғыны сапасыз құрылыс материалдары үшін 1,8 млн теңге өндіріп алды
Ақтөбе облысының тұрғыны сапасыз кірпіш сатып алып, алданып қалды. Кірпіштерде көптеген жарықтар, беріктігі төмен және өлшемдері стандартқа сай келмеу сияқты кемшіліктер болып шықты.
Сатушы сапасыз тауар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. «Бұл менің тұтынушы ретіндегі құқығымның ашықша бұзылуы», – деді зардап шеккен адам. «Мен көп ақша жұмсап, нәтижесінде сапасы төмен, жарнамаланған сипаттамаларына сай келмейтін тауар алдым».
Тұтынушы көмек үшін Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінді. Олар оған «Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 15-бабына сәйкес оның шартты бұзуды талап етуге және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруға толық құқығы бар екенін түсіндірді.
«Осы бапқа сәйкес, тұтынушы шартты бұзуды талап етуге және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруға құқылы», – деп түсіндірді департамент бас маманы Ақбота Жұмамурат. – «Тұтынушы мұндай талапты тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде, егер шартта ұзағырақ мерзім белгіленбесе, ұсынуға құқылы».
Департамент мамандарының көмегімен зардап шеккен адам өтініш жазып, сатышуға жіберді. Сатушы сапасыз кірпіш үшін сатып алушыға 1 800 000 теңге қайтаруға мәжбүр болды.
Айта кетейік, биыл бұл екінші осындай жағдай. Бұған дейін департамент тұтынушыға алданып, сапасыз тауар алғаны үшін 2 110 000 теңге қайтарып алуға көмектескен болатын.
Егер сіз де осындай мәселеге тап болсаңыз, құқығыңызды қорғаудан қорықпаңыз және Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгініңіз. Мамандар сізге тегін кеңес беріп, мәселені ең қысқа мерзімде шешуге көмектеседі.
Департаменттің байланыс ақпараты:
• Мекенжайы: Әбулхайыр хан даңғылы, 25
• Телефондар: 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26
• Онлайн-өтініштер:
Е-өтініш, телеграмм-бот @kzpp_bot, e-tutynushy.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті