Ақтөбе облысының әкімінің өкіміне сәйкес жаңа басшылар тағайындалды
Қайрат Мирболатұлы Райымқұлов ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығымен Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қ.Райымқұлов бұған дейін облыстық мәслихат депутаты болды.
Ол 1988 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысының қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Ақтөбе облысының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының түрлі лауазымдарында жасаған.
Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімін, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратын, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік, қаржы басқармаларын басқарды.
Облыстық мәслихат депутаты болып сайланға дейін, 2021-2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Мұқтарұлы Байнешов тағайындалды.
Ол 1985 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Самара мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы, құқықтану. Құқық магистрі. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Жастар қоғамдық бірлестіктерінде, үкіметтік емес ұйымдарда, «Аманат» партиясында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2020 жылдары «Synergy consulting group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған. 2020-2023 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.