Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. 15 қараша басталған республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында «Қоныс» спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың жекелей сынына барлығы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады. Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ, ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.
Назарларыңызға дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:
Әйелдер:
-48 кг
- Диана Буркеева (Жетісу облысы)
- Сабина Юлдашбекова (Шымкент)
3.Зарина Хуснадин (Алматы)
- Аружан Данайбек (Жамбыл облысы)
-52 кг
- Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)
- Аружан Ережепов (Алматы облысы)
- Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
- Шара Шугаева (Алматы)
-57 кг
- Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
- Дана Абдирова (Атырау облысы)
- Карина Каракенова (Абай облысы)
- Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)
-63 кг
- Эсмигуль Куюлова (Атырау облысы)
- Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)
- Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл облысы)
- Асылжан Орынбасарлва (Жамбыл облысы)
-70 кг
- Екатерина Токарева (Алматы облысы)
- Кристина Сотникова (Абай облысы)
- Ажар Асхат (Абай облысы)
- Диана Тельбаева (Қарағанды облысы)
-78 кг
- Аруна Жангельдина (Ақтөбе облысы)
- Назерке Тілеуханова (Абай облысы)
- Зәмзәгүл Файзолланова (Шымкент)
- +78 кг
- Назгүл Маратова (СҚО)
- Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)
- Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)
- Айдана Ғазизқызы (Қызылорда облысы)
- Анастасия Нагачевская (Алматы қаласы)
Ерлер:
-60 кг
- Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы)
- Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
- Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы)
- Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы)
-66 кг
- Ержан Еренқайыпов (Астана)
- Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы)
- Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
- Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы)
-73 кг
- Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
- Барыс Қуан (Абай облысы)
- Саят Сейітқалиев (БҚО)
- Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)
-81 кг
- Мади Амангелді (Астана қаласы)
- Айғали Қалдыбек (Қызылорда облысы)
- Досхан Жолжақсынов (Жетісу облысы)
- Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы)
-90 кг
- Ермахан Әнуарбеков (Абай облысы)
- Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)
- Айдар Арапов (Түркістан облысы)
- Құдірет Досымов (Шымкент қаласы)
-100 кг
- Марат Байкамуров (Шымкент)
- Бейбіт Мадеев (Алматы)
- Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент)
- Естай Ермұхан (Астана)
+100 кг
- Әділ Оразбаев (Абай облысы)
- Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
- Мади Еділбаев (Алматы облысы)
- Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы)
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі