Алан Бөрібаев Берлиннің жаңа «Ауфтакт» радиобағдарламасының алғашқы қонағы болды
«Астана Операның» бас дирижері, маэстро Алан Бөрібаев 2024 жылы 3 сәуірде rbb-Radio Berlin радиостанциясында эфирге шыққан «Ауфтакт» жаңа бағдарламасының алғашқы қонағы болды. Сұхбат барысында ол өз шығармашылығы, репертуары, Қазақстандағы қызметі, музыканы пайымдауы туралы сауалдарға жауап беріп, Берлин филармониясында өзінің жетекшілік етуімен Неміс симфониялық оркестрінің орындауында 2017 жылғы үшінші наурызда орын алған концерттің бағдарлама соңынан кейінгі радиотрансляциясында шырқалған музыкалық туындыларға қатысты ой бөлісті.
Солист ретінде немістің танымал виолончельшісі Даниэль Мюллер-Шотт өнер көрсетті, ол Петр Чайковскийдің «Рококо тақырыбына арналған вариацияларын» орындады. Бұдан бөлек, бұл концертте Алан Бөрібаев өте сирек орындалатын екі туындыға: Михаил Глинканың «Жизнь за царя» операсынан Поляк билері мен Милий Балакиревтің Бірінші симфониясына дирижерлік етті.
Концерттің жазбасын берлиндік Радио 3 сайтында 10 сәуірге дейін мына сілтеме бойынша тыңдауға болады:
https://www.radiodrei.de/programm/schema/sendungen/radio3_konzert/archiv/20240403_2000.html