Алғаш рет өткізілетін Casa Pasión испан мәдениеті фестивалі қандай болмақ?!

27 сәуір күні Қазақстанда алғаш рет Casa Pasión by Campo Viejo испан мәдениетінің фестивалі өтеді. Қонақтарды шынайы испан тағамдары, мастер-класстар мен дәрістер, елдің мәдениетімен танысу және мол дастархан басында гедонизм мерекесі күтеді.


Casa Pasión — бұл Испанияда жыл сайын өтетін Campo Viejo шарап брендінің фестивалі, ал биыл  алғаш рет одан тыс жерде Қазақстанда өткізіліп жатыр. Биылғы Алматыдадағы фестивальдің тақырыбы  — Sobremesa — адамдар тамақ ішкеннен кейін дастархан басында отырып, бір-бірімен араласып, ләззат алатын уақыт.

Sobremesa атмосферасында Casa Pasión фестивалінде бас аспаздар Вадим Четвериков (Dushes мейрамханасы), Николай Сенченко (cafedelia мейрамханасы), Михаил Трофимов (náutica мейрамханасы) және Кин Велихан (Sezim мейрамханасы) жетекшілігімен жабық кешкі ас өтеді. Олардың әрқайсысы авторлық интерпретацияда ұлттық испан тағамдарын дайындайды. Кешкі ас тұжырымдамасы бойынша қонақтарға испандық атмосфера, музыка, жеңіл тағамдар ұсынылады. Кешкі асқа орын саны шектеулі, қатысу үшін жеке билет сатып алу қажет.

Фестиваль мен кешкі асқа билеттер  сілтеме бойынша алуға болады.

Кіру ақысына welcome-тапас және бір стақан шарап кіреді. Сондай-ақ, фестиваль алаңында бар мен асхана жұмыс істейді.

Сонымен қатар, фестивальде шарап дегустациясы виртуалды шындық технологиясын қолдана отырып өткізіледі. Барлық ниет білдірушілер әдеттен тыс тәжірибені бастан кешіре алады және әртүрлі жағдайларда дәмделген шарапты қабылдауды зерттей алады.Бұл тәжірибе үшін қонақтарға визуалды және аудио сүйемелдеу өзгеретін VR көзілдірігін кию ұсынылады. Мұндай тәжірибе дыбыс пен түстің бір шараптың дәміне қалай әсер ететінін анық көрсетеді.

Фестивальдің музыкалық бағдарламасына Secretland жобасы жауап береді-бұл керемет әртістермен ерекше жерлерде өткізілетін жасырын концерттер. Жоба тұжырымдамасы-қонақтар тіркеуден кейін коцерттің орналасқан жерін біледі, ал лайн-ап сол жерде болады.

«Campo Viejo бір кездері біздің Secretland жобасын қолдады. Біз керемет шарап бренді мен музыканың достығы үлкен бірлескен фестивальге айналғанына қуаныштымыз. Secretland тұжырымдамасы өзгеріссіз қалады-біз сахнаға шыққанға дейін әртістердің есімдерін жасырын ұстаймыз. Бірақ қонақтар үшін шарттар  аздап өзгереді (бір рет!)- өткізу күні мен орнын сіздер білесіздер, енді кіру билетін сатып алу мүмкіндігі ғана болады, кіру билетіне Secretland-тен басқа фестивальдік іс-шаралар да кіреді!», — дейді Аня Кострюкова, Secretland жобасының негізін қалаушыларының бірі.

Casa Pasión-ға келушілерді Color wall — суретші Дэвид Стифманның интерактивті өнер нысаны; Назира Касенованың 4х4 диджейлік мектебінің dj жиынтығы; испан бейнесін өзгерту станциясы; шарап пен испан мәдениеті туралы ашық әңгіме  және т.б. күтеді