«Almaty Clean&Green» сенбілігінде қала тазалау және жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі

2025 жылы 23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында «Almaty Clean&Green» қаланы тазарту бойынша ауқымды жалпықалалық акция өтеді. Бұл іс-шара Наурызнама мерекесі аясында атап өтілетін Тазару күніне орайластырылған.

Акция бүкіл қала аумағында ұйымдастырылып, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс аймақтарын, саябақтар мен скверлерді, сондай-ақ аулаларды қамтиды. Негізгі іс-шараның бірі – қала тұрғындарының қатысуымен өтетін ағаш отырғызу науқаны болады.

Алматы әкімдігі акция қатысушыларына көшет, қолғап, қап, күрек, тырма сынды тазалау және отырғызу құралдарын ұсынып, қажетті қолдау көрсетеді. Жиналған барлық қоқыс қайта өңдеу үшін полигонға шығарылады.

Акция 23 наурыз сағат 09:00-де басталып, қаланың бірнеше орнында өтеді:

Алатау ауданы – 1. Боралдай өзені бойындағы габиондар (Шаңырақ-2 ш/а.,); 2. Боралдай өзені бойындағы бақылау алаңы – https://2gis.kz/almaty/geo/9430073144770646/76.834122,43.291694
Алмалы ауданы – Дүйсенов көшесі (Розыбакиевтен батыс бағытта)

Әуезов ауданы – Шалов көшесі бойымен, Прокофьев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы

Бостандық ауданы – «Оңтүстік» саябағы

Жетісу ауданы – 1. Жангелдин атындағы сквер; Көкмайса сквері – https://2gis.kz/almaty/geo/9430073144770623/76.902129,43.306900

Наурызбай ауданы – Абай даңғылы бойымен

Медеу ауданы – Есентай өзенінің жағалауы (Әл-Фараби даңғылынан Жамақаев көшесіне дейін) – https://2gis.kz/almaty/geo/70030076189990562/76.932582,43.218501
Түрксіб ауданы – С. Сейфуллин атындағы саябақ, Ауған соғысы ардагерлерінің сквері

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Абай-Байтұрсынов даңғылынан сенбілік өтетін негізгі орындарға дейін арнайы автобус қатынайды.

Акция аясында шағын концерт, экология және стрит-арт бойынша шеберлік дәрістері, экологиялық тақырыптағы викториналар мен жүлделі байқаулар сынды түрлі танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Арқан тартыс пен тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар да өтеді.

Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар қауіпсіздік техникасы мен ағаш отырғызу ережесі бойынша қысқаша нұсқаулық алады.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Telegram-канал: «Almaty Clean&Green» сенбілігінде қала тазалау және жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі