Алматы халықаралық әуежайы еңбек ардагерлері мен авиация зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады

1 қазан күні Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері аға буын өкілдерінің үйлеріне барып, оларды халықаралық қарттар күнімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстады.
Кездесу барысында ардагерлерге көп жылғы еңбегі, өз ісіне деген адалдығы және әуежайдың дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді. Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген көңіл мен қамқорлық үшін алғыстарын айтып, әуежай өкілдерімен қайта жүздесуге мүмкіндік туғанына қуанышты екендерін жеткізді.

Осындай іс-шаралар Алматы халықаралық әуежайының жыл сайын жалғастырып келе жатқан игі дәстүріне айналды. Бұл бастама әуежайдың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі болып табылады және қаншама уақытын кәсібіне арнаған адамдарға деген құрметті көрсетеді.




