Алматы халықаралық әуежайы өз қызметкерлерін ақысыз тамақтандырады

Алматы халықаралық әуежайының тарихында алғаш рет қызметкерлер үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды, бұл ұжымның әл-ауқатына қамқорлық жасау бағытындағы маңызды қадам. Әуежайда түрлі орындарда жаңа асханалар жұмыс істей бастады. Осы бастаманың арқасында әуежайдың барлық қызметкерлері қолайлы және жайлы орындарда табиғи таза және дәмді тағамдармен тамақтана алады.
Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе:
“Біздің қызметкерлер – әуежайдың жүрегі. Олардың әл-ауқатына қамқорлық – біздің басты басымдығымыз. Біз ыңғайлы жұмыс ортасын құруға тырысамыз және тегін тамақтану – бұл жолдағы нақты қадамдардың бірі”
Бұл жоба Алматы халықаралық әуежайының еңбек жағдайын жақсарту және әуежайдың барлық қызметкерлері үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі стратегиясының бір бөлігі.